18 қараша 2020 | 15:38

Нұр-Сұлтан полицейлері арнайы операция жүргізді

Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтан полицейлері есірткі сатушыны ұстау бойынша ірі арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан полицейлері есірткі сатушыны ұстау бойынша ірі арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жеңіс көшесінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде есірткі сатқаны үшін бұрын сотталған 39 жастағы тұрғын ұсталды, оны жеке тінту барысында сөмкесінен гашиші бар 13 полиэтилен пакет табылды. Тұрғылықты жері бойынша пәтерді тінту кезінде полицейлер гашиші бар үш полиэтилен пакеті мен сатуға дайын есірткі салынған 32 оралған полиэтилен пакетті тапты.

Реклама
Реклама

"Жүргізілген арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан 20 келіге жуық есірткі алынды. Елорда аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы бар қылмыстық тізбектің басқа да сыбайластарын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деді полициядағылар.

ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 4-бөлігі "Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау", 297-бабы, ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлігі "Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу" және 287-бабы, ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бөлігі "Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная