31 мамыр 2021 | 09:01

Нұр-Сұлтан полициясы баланы ұрлау бойынша хабарламаға жауап берді

Фото: Tengrinews.kz

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде 13 жастағы баланың анасының хабарламасын таратып жатыр. Желіде тараған ақпарат бойынша, белгісіз біреулер баланы ұрлап кетпек болған. Полиция өкілдері хабарламаға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде 13 жастағы баланың анасының хабарламасын таратып жатыр. Желіде тараған ақпарат бойынша, белгісіз біреулер баланы ұрлап кетпек болған. Полиция өкілдері хабарламаға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабарлама авторы оның баласын біреулер ұрлап кете жаздағанын айтып, өзге ата-аналарды сақ болуға шақырған.  

"Құрметті көршілер, бүгін таңғы 05.00 шамасында менің ұлымды ұрлап кете жаздады. Ол таңертең жүгіретін, жасы 13-те. Әйел адам мен ер адам оны ұрлап, көліктеріне салып алып кетпек болды. Әрең қашып кетті. Қазір үйде полицейлер жүр.Олардың сөзінше, мұндай жағдайлар көп болып кеткен. Сақ болыңыздар, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар", - дейді хабарлама авторы. 

Реклама
Реклама

Нұр-Сұлтанның Полиция департаменті өкілдерінің сөзінше, бұл фейк хабарлама және кәмелетке толмаған баланы ұрлау бойынша ешқандай арыз түспеген.   

"Жоғарыда аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. Көрінеу жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деді астаналық ПД өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная