ПОДЕЛИТЬСЯ
15 ақпан 2022 | 09:18
Нұр-Сұлтан тұрғыны аузына 21 түйін героин жасырған
Нұр-Сұлтанда полицейлер героин сатты деген күдікпен екі әйелді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда полицейлер героин сатты деген күдікпен екі әйелді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде аса ірі мөлшерде есірткіні сақтағаны үшін бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған 40 жастағы әйел ұсталды. Жеке тінту кезінде ол сатуға дайындалған героиннің 21 түйінін аузына жасырып үлгерген, бірақ көп ұзамай қылмысы ашылып, героин тәркіленді.
Есірткінің негізгі жеткізушісін анықтау мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер есірткі қылмысы үшін сотталған 32 жастағы күдіктіні ұстады. Ол төрт грамнан астам героин сатқан.
Осылайша, құқық қорғау органдары елордада есірткі жеткізу және сату арналарының бірін жапты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также