21 қазан 2021 | 14:06

Нұр-Сұлтан тұрғыны полиция қызметкерлерін қарумен қорқытты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрациялық фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Нұр-Сұлтан тұрғыны әйелін ұрып-соғып, құтқаруға келген полицияны қару-жарақпен қорқытқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан тұрғыны әйелін ұрып-соғып, құтқаруға келген полицияны қару-жарақпен қорқытқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 21 қазанда болған. Таңғы 6-да тәртіп сақшыларына кішкентай баладан әкесі шешесін ұрып жатқаны туралы хабарлама келген. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жіберілді.

"Айтматов көшесіндегі үйдің ауласында 45 жастағы әйел күйеуінің жанжал кезінде ұрып-соғып, қуып жібергенін айтқан. Полиция қызметкерлері үшінші қабатқа көтеріліп ер адамның есігін қақты, бірақ ол жауап ретінде біреу жақындаса оқ ататынын айтты", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Пәтерде кәмелетке толмаған үш бала болған.

Полиция 39 жастағы ер адамды ұстады. Одан ресми тіркелген қару тәркіленді.

"Ер адам полицияға жеткізілді, оның әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады департаменттен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная