Нұр-Сұлтанда 5 жасар қызды өлтірген ер адамға сот үкімі шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Нұр-Сұлтанда 5 жасар қызды өлтірген ер адамға сот үкімі шықты

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған қызды өлтіргені үшін ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотта K-ның алкогольді ішімдік ішіп, бірге тұратын әйелдің 5 жасар қызын аямай ұрып-соққаны белгілі болды. Бала есін жимастан қайтыс болған. Алқабилер алқасы өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын түгел жақтап дауыс берді.

Арада біраз уақыт өткенде сотталушы апелляциялық шағым берген. Ол кінәсіз екенін айтып, үкімнің күшін жоюды сұрады. Сот алқасының 1 қыркүйектегі қаулысымен үкім өзгеріссіз қалды. Өйткені оның күшін жоюға ешқандай негіз болмады.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама