09 сәуір 2020 | 17:45

Нұр-Сұлтанда ақша айырбастау орнын тонаған ер адам видеоға түсіп қалды

Нұр-Сұлтанда ақша айырбастау орындарының бірін тонап кеткен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда ақша айырбастау орындарының бірін тонап кеткен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Криминалдық полиция қызметкерлері осыған дейін бірнеше рет сотты болған елордалық 37 жастағы ер адамды ұстады. Ол бұл қылмыстық әрекетін алдын ала ойластырған. Қылмысқа бару алдында ер адам көлігінің нөмірін ұрланған нөмірге ауыстырған. Содан ақша айырбастау орны мен дүкен орналасқан ғимараттың есігін бұзып ашқан. Бірнеше метр жерді тізерлеп өткен", - дейді полицейлер.

Реклама
Реклама

Cондай-ақ, құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам видеобақылау камерасының объективін жауып, ғимаратқа кірген. Артынша сейфті ашып, онда түрлі валютада сақталған 12 миллиион теңгені алып кеткен. Ұрлаған ақшасының жартысын жаратып үлгерген екен.

Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная