ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қыркүйек 2020 | 15:48
Нұр-Сұлтанда автоұрыны қуған сәт видеоға түсірілді
Елордада полиция қызметкерлері "ГАЗель" көлігін айдап әкетпек болған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елордада полиция қызметкерлері "ГАЗель" көлігін айдап әкетпек болған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары күдіктіні жедел әрекет ету орталығының бейнебақылау камерасы арқылы тапқан.
"Түнгі сағат 02.30-да "Есіл" ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне 58 жастағы ер адам хабарласып, "ГАЗель"маркалы көлігінің ұрлағанын айтқан. Операторлар камераларды қараған кезде ұрланған көліктің орналасқан жерін анықтаған. Тілендиев - Бейсеков көшелерінің қиылысында автопатруль қызметкерлері "ГАЗелді" тоқтатып, күдіктіні ұстаған", - делінген хабарламада.
Тексеріс барысында көлікті жәбірленушінің 34 жастағы көршісі ұрлағаны анықталды. Күдікті жүргізушінің көліктің есігін бекітпей кеткенін байқаған. Кейін ол бұл мүмкіндікті пайдаланып, "ГАЗель" көлігін ұрлаған.
Күдікті кінәсін мойындаған. Қазіргі таңда бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұрланған көлік иесіне қайтарылды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также