29 қараша 2021 | 16:33

Нұр-Сұлтанда бассейндегі өлімнен кейін нұсқаушы сотталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет:elements.envato.com

Нұр-Сұлтанда бассейнде болған қайғылы оқиғаға қатысты нұсқаушыға үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сотының сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда бассейнде болған қайғылы оқиғаға қатысты нұсқаушыға үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сотының сайтына сілтеме жасап.

"29 қарашада Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына байланысты қауіпсіздік талаптарына жауап бермегені үшін және абайсызда адам өліміне әкеп соққан қызмет көрсеткені үшін Т.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды (Қылмыстық кодекстің 306-бабы, 3-бөлігі).

Т. спорт кешенінде жүзу бойынша нұсқаушы болғанына қарамастан, бассейнге келушілердің қауіпсіздігіне қатысты өз міндеттерін тиісінше орындамауынан Е. қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Прокурор айыпталушыға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер сотталушыға ең ұзақ мерзімді - 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындамай, оның әрекеттерінде қылмыс белгісі болмауына байланысты істі тоқтатуды сұрады.

Реклама
Реклама

Сот жәбірленушіге медициналық көмек көрсету шараларын оның кінәсін мен жазасын жеңілдететін жағдай деп таныды. Оның кінәсі мен жазасын ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.

Сотта 306-бап, 3-бөлімде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық абайсызда жасалған қылмыстарға жататынын атап өтті. Осы бойынша санкция 4 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Абайсызда жасалған қылмыстар үшін жазаны өтеу ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде тағайындалады. Жеңілдететін мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жаза мерзімі орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін жазаның ең жоғары мерзімінің жартысынан аспауы керек. Бұл іс бойынша жаза 4 жылдан аспауы керек екені атап өтілді.

"Сотталушының жеке басын, жәбірленуші тараптың ұстанымын ескере отырып, сот Т. - ға 4 жылға нақты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деп хабарлады сот.

Бассейн иесінен жәбірленуші тараптың пайдасына моральдық зиян үшін 10 миллион теңге мөлшерінде өтемақы төленді.

Оқиға 2021 жылдың қаңтарында болған еді. 21 жастағы марқұм бір реттік талон сатып алып, бассейнге барған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная