Нұр-Сұлтанда бұрынғы инкассатор банкоматтан ақша ұрлаған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon 561
comments icon 0

Банкоматтан ақша ұрлады деген күдікпен жұмыстан шығарылған инкассатор Нұр-Сұлтанда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Банкоматтан ақша ұрлады деген күдікпен жұмыстан шығарылған инкассатор Нұр-Сұлтанда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұған дейін 27 жастағы күдікті инкассатор болып жұмыс істеп, терминалда ақша инкассациясын жүргізген. Жұмыстан босатылғаннан кейін ол бір кілтті тапсырмаған.

"Кешкі уақытта бұзақы "Магнум" супермаркетіне келген. Терминалға келіп, аппаратты кілтпен ашып, 3 800 000 теңге сомасында ақша алған. Ақшаны сөмкеге салып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді полиция қызметкері.

Реклама
Реклама

Күдікті ер адам бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Жансая Қадыржанова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная