01 маусым 2021 | 14:09

Нұр-Сұлтанда ер адам 8 жастағы қызды тонап кетті

Нұр-Сұлтан полицейлері сегіз жастағы қызды тонап кеткен ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан полицейлері сегіз жастағы қызды тонап кеткен ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тонау туралы арызды полицияға қыздың әкесі түсірген. Оның айтуынша, Кенесары көшесіндегі автобус аялдамасында белгісіз ер адам сегіз жастағы қызының қолынан Samsung телефонын жұлып алып қашып кеткен.

"Қылмыс туралы хабар алған жедел басқару орталығының қызметкері дереу патрульдік полиция экипажын жіберді. Оқиға орнына бірнеше минут ішінде жеткен полицейлер жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде күдіктінің ізіне түсіп, ұрланған телефонды сатуға тырысқан ер адамды дүкенде ұстады", - деді полиция өкілі.

Реклама
Реклама

Күдіктіні құрықтау сәті видеоға түсіп қалған.

34 жастағы қарақшы ұсталып, аумақтық полиция басқармасына жеткізілген. Ер адам кінәсін мойындады. Телефон қыздың әкесіне қайтарылды.

Полиция "Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, оның бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная