ПОДЕЛИТЬСЯ
08 сәуір 2022 | 16:52
Нұр-Сұлтанда ер адам 88 жастағы зейнеткерді ұрып, тонап кеткен
Нұр-Сұлтанда тәртіп сақшылары 88 жастағы зейнеткерге шабуыл жасаған қарақшыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда тәртіп сақшылары 88 жастағы зейнеткерге шабуыл жасаған қарақшыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қарақшылық шабуыл жасады деген күдікті азаматты ұстады.
"Түнде белгісіз ер адам 88 жастағы қарияның есігін қағып, ашуын сұраған. Қария есікті ашқан сәтте ер адам оны ұрып, тонай бастаған", - деп хабарлады полицейлер.
Қарақшы қарияның алтын сақинасын шешіп алған және бөлмені мұқият қарап тағы бір алтын сақина алып шыққан.
Тергеу барысында қаскүнемнің Затаевич көшесінде жалға берілетін пәтерді жалдағаны анықталды.
"Қарама-қарсы пәтерде жалғыз адам тұратынын біліп, қасақана барған. Елорда полицейлері 28 жастағы күдіктіні ұстады. Ол алтын бұйымдарды ломбардқа тапсырып үлгерген. Бұған дейін оның ұрлық үшін сотталғаны анықталды", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Ұсталған азамат Нұр-Сұлтан қалалық полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері азаматтарға, әсіресе, қарт адамдарға пәтердің сыртқы есігін құлыптауды, бөтен адамдарға есік ашпауды, пәтерге кіргізбеуді, ешкімге сенбеуді сұрайды", - деді аудандық полиция бөлімі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также