ПОДЕЛИТЬСЯ
09 шілде 2022 | 14:31
Нұр-Сұлтанда ер адам жаяу жүргіншіге шабуыл жасап, тісін сындырған
Полицияға хабарласқан елорда тұрғыны көшеде белгісіз біреу шабуыл жасап, ұялы телефонын тартып алғанын айтты. Күдікті 18 жастағы жігітті бір ұрып төрт тісінен айырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сағат шамамен 23:00-де жігіт Есенберлин көшесінің бойымен ұялы телефон арқылы сөйлесіп келе жатқан. Белгісіз біреу оған жақындап, қоңырау шалуын өтінген. Жігіт ер адамның өтінішінен бас тартады. Жауап ретінде қаскүнем оның жағынан соғып, құны 100 мың теңге тұратын телефонын алып кеткен", - деді ДП баспасөз қызметіндегілер.
Полиция қызметкерлері 34 жастағы ер адамды ұстады. Ол бұрын ұрлық үшін сотталған.
Тонау ісі бойынша соталды тергеу амалдары жүріп жатыр, оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.
Күдікті Нұр-Сұлтан полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также