08 шілде 2021 | 12:56

Нұр-Сұлтанда есірткі зертханасын ашқан биотехнолог ұсталды

Видеодан алынған

Нұр-Сұлтан полициясы синтетикалық есірткі өндіретін есірткі зертханасын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан полициясы синтетикалық есірткі өндіретін есірткі зертханасын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зертханада синтетикалық есірткілер – мефедрон мен амфетамин жасаумен айналысқан.

"Есірткі зертханасы мен интернет-дүкен астанадағы элиталы тұрғын үй кешендерінің бірінде, жалдамалы пәтерде орналасқан. "Өндіріс" басшысы 27 жастағы дипломы бар биотехнолог екені анықталды. Ол алған білімін синтетикалық есірткі дайындау үшін қолданған.

Тінту барысында күдіктіден синтетикалық есірткі жасаудың формуласы жазылған дәптер, электронды таразы, химиялық қоспалар, полиэтилен пакеттер, есірткі сатып отырған дербес компьютер және салмағы 10 грамм болатын сатуға дайын есірткі табылды", - деп хабарлады полицейлер.

Реклама
Реклама

Полиция тұрғын үй кешенінің атын атамады. Есірткіні өзінің интернет-дүкені арқылы сатқан және адам көп жүретін орындар, саябақтар мен балалар алаңына тастап кетіп отырған.

"Астанадағы қалалық саябақтардың бірінде ұйымдастырылған жедел-тергеу шаралары кезінде тұтқындалған азамат полиция қызметкерлеріне есірткі жасыратын орындарды көрсетті. Олардан есірткілер тәркіленді. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің операциясы нәтижесінде синтетикалық есірткінің 60-тан аса бір рет қолдануға арналған дозасы тәркіледі", - деп қосты полицейлер.

Ер адам қамауға алынған. Оған Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша айып тағылды. Ол мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Полицейлердің айтуынша, бұл жыл басынан бері анықталған екінші зертхана. Сонымен қатар 6 айда заңсыз айналымнан 45 келіден аса есірткі заттары – марихуана, гашиш және синтетикалық есірткілер тәркіленген. 12 қылмыстық із қозғалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная