Нұр-Сұлтанда "Хан Шатыр" маңындағы жаппай төбелес видеоға түсірілді

Видеодан кадр

Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес болды. Instagram желісінде оқиғаның видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес болды. Instagram желісінде оқиғаның видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төбелес "Хан Шатыр" сауда орталығының маңында болған. Кадрлардан бірнеше баланың бір-бірін ұрып жатқанын көруге болады.

Реклама
Реклама

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіндегілердің айтуына қарағанда, 1 тамызда сағат 20.40-та Шұғыл басқару орталығының "102" пультіне "Хан Шатыр" орталығының маңында жас жігіттер төбелесіп жатыр деген хабарлама түскен.

"Кәмелет жасқа толмаған балалар төбелескен және олар сол жерде ұсталды. Жаппай төбелеске екі жасөспірімнің арасындағы түсініспеушік себеп болған. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр", - деді полициядағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама