08 мамыр 2019 | 13:08

Нұр-Сұлтанда жалға алынған көліктерді сатқан күдікті ұсталды

© spb.mk.ru

Елордалық полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елордалық полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері автокөліктерді сатумен байланысты бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Қазіргі уақытта ұсталған адам үш алаяқтық дерегін жасағанын мойындады.

Реклама
Реклама

Тергеп-тексеру барысында ер адам қымбат автомашиналарды жалға алғаны, әрі қарай нарықтағы бағадан төмен бағаға машина сатып алғысы келетін азаматтардың сеніміне кіре отырып сатқаны анықталды.

Осылайша, ол Lexus, Toyota Camry маркалы автокөліктерді сатып үлгерген және Қостанай қаласында да Nissan Qashqai автокөлігін сатқан.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, оның Республика  аумағында бұрын осы секілді жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

"Аталған тұлғаның құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға Бейбітшілік көшесі,19 мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне немесе 8 (7172) 71-60-24,71-61-07 немесе 102 телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз. Автокөлік сатып алу кезінде алаяқтың құрбаны болмау үшін абай болыңыздар!", - делінген хабарламада. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная