13 маусым 2022 | 10:24

Нұр-Сұлтанда жалған құжат жасаған қылмыстық топ әшкере болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Көрнекі сурет. © t-l.ru

Нұр-Сұлтанда бюджетке салық төлеуден жалтарғандарға жалған шот-фактуралар жазып беріп отырған қылмыстық топ әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда бюджетке салық төлеуден жалтарғандарға жалған шот-фактуралар жазып беріп отырған қылмыстық топ әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА елордалық департаменті 2020-2021 жылдар аралығында көлеңкелі экономика саласында ауыр қылмыстар жасаған бір топ тұлғаларды әшкереледі.

"Хан Виталий Васильевич басқарған қылмыстық топ өз клиенттерін бюджетке салық төлеуден босату мақсатында бақылаудағы 7 заңды тұлғаның контрагенттеріне жалған шот-фактуралар жазып берген. Олар өз әрекеттерімен мемлекетке 490 миллион теңгеден астам сомаға аса ірі көлемде зиян келтірген.

Сот басты айыпталушы Хан Виталийге қатысты 4 жылға бас бостандығынан айыруға, ал заңсыз ақша жинаумен айналысқан екі адамды шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

ҚМА мәліметінше, үш айыпталушыға да ұзақ мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерді, оның ішінде шот-фактураларды беруге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынған.

Төленбеген салықтар камералдық бақылау және салықтық тексеру аясында барлық контрагенттерден өндіріп алынатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная