Нұр-Сұлтанда жаппай төбелестен екі адам қаза тапты

© Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда жаппай төбелестен екі ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне слітеме жасап.

Нұр-Сұлтанда жаппай төбелестен екі ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне слітеме жасап.

"22 желтоқсанда сағат 23.30-да "102" нөміріне "Бетон зауытының" аумағында жаппай төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына полиция барған. Төбелес салдарынан ауруханаға екі ер адам жеткізілді, біреуі кеуде жарақатымен, екіншісінің іш қуысына пышақ тиген. Олар алған жарақаттарынан қайтыс болды", - деді полициядағылар.

Олар Қызылорда облысының 39 және 44 жастағы тумалары екені анықталды. Кейінірек ауруханаға төбелеске қатысқан 24 жастағы жігіт оқ жарақатымен жеткізілді.

Реклама
Реклама

Полиция мәліметінше, төбелеске қарыз себеп болған. 

"Оқиғаның барлық қатысушысы - 11 адам анықталып, ұсталды. Заттай дәлелдемелер алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген полицияның хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама