24 қаңтар 2021 | 12:51

Нұр-Сұлтанда жас жігіттер қыз үшін бір-біріне оқ атты

Фото: Facebook/Эльмира Баекешева

Нұр-Сұлтанда жас жігіттер қыз үшін оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда жас жігіттер қыз үшін оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан тұрғыны түнде болған атыс туралы Facebook желісінде жариялады.

Реклама
Реклама

"Түн кезінде. (...) Бірінен кейін бірі оқ атып жатыр, терезеге жүгіріп келдім, жаппай төбелес болып жатыр. Қан ағып, жерде жатыр. Бір топ Сембинов көшесіне қарай қашты. Адамдар зардап шеккен соң полиция мен жедел жәрдемді шақырдым. Бір минуттан кейін жараланғандарды көлікке  отырғызып, айдап кетті. Шу болған соң қарсы беттегі үйден адамдардан шықты. Полиция келген кезде жолда қан ізі ғана қалды", - деп жазды елорда тұрғыны Эльмира Баекешева "Интересная жизнь Астаны" тобында.

 Фото Facebook.com/Эльмира Баекешева

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, 24 қаңтарға қараған түнде 109 нөміріне сағат 01.09-да қалалық ауруханаға 19 және 23 жастағы екі ер адам оқ жарақатымен түскені туралы хабарлама келген.

"Бұл дерек бойынша бұрыннан таныс адамдар арасында қыз үшін атыс болғаны анықталды. Төбелесте болғандардың бәрі "Байқоңыр" ауданының Полиция басқармасына жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр", - деді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная