07 желтоқсан 2021 | 09:45

Нұр-Сұлтанда жасөспірімдер скейтборд тебуге кедергі жасаған күзетшіні соққыға жыққан

Жансая Қадыржанова Корреспондент
pexels.com

Елордалық полицейлер театр күзетшісіне шабуыл жасаған кәмелетке толмағандарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елордалық полицейлер театр күзетшісіне шабуыл жасаған кәмелетке толмағандарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында Қонаев көшесінде сағат 18.30 шамасында 14-16 жастағы жасөспірімдер театр маңындағы алаңға скейтборд тебуге келіп, трюк жасағаны белгілі болды. Оларға 40 жастағы күзетші жақындап келіп, ескерту жасаған. Жасөспірімдер оны елемей, жауап ретінде әдепсіз сөйлеп, өз әрекеттерін жалғастырған. Содан кейін ер адам олардың заттары жатқан жаққа қарай бет алып, сөмкелерін алып, полиция шақырғысы келеді. Осы кезде жасөспірімдер оған жабылып, соққыға жығып, жан-жағынан ұра бастаған.

Реклама
Реклама

Есіл ауданының полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушыларды полицияға жеткізді.
Қазіргі бұл дерекке қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, кәмелетке толмағандар полицияда профилактикалық есепке алынды. Олардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Полиция департаменті ата-аналарға балалардың мінез-құлқын бақылау және заңға қайшы әрекеттерді жасағаны үшін жауапкершілікті түсіндіру қажет екені туралы ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная