ПОДЕЛИТЬСЯ
08 тамыз 2021 | 12:44
Нұр-Сұлтанда жол ережесін өрескел бұзған 777MVD нөмірлі көлік иесі ұсталды
Желіде 777MVD нөмірлі көлік жүргізушісі Нұр-Сұлтандағы тасжолда жол ережелерін өрескел бұзғаны түсірілген видео таралды. Қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде 777MVD нөмірлі көлік жүргізушісі Нұр-Сұлтандағы тасжолда жол ережелерін өрескел бұзғаны түсірілген видео таралды. Қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол ережесін бұзған жүргізушінің видеосы Instagram-да тарады. Видео авторы Lada Largus жүргізушісінің әрекетіне шағымданған.
"Шамасы бір жерге асыққан. Бәріне сигнал беріп, жолын кесіп, қауіпті маневр жасады", - деп бөлісті видео авторы.
Кадрлардан көлік жүргізушісі жас жігіт екенін, салонда қатты музыка ойнап тұрғанын көруге болады. Көлікте 777MVD мемлекеттік нөмірі болған. Ал, келесі видеода жүргізуші жол-көлік оқиғасына ұшырағаны түсірілген.
"7 тамызда сағат 20.10-да Қарқаралы тасжолында бағдаршамда Lada Largus маркалы автокөлігінің жүргізушісі Lada Xray автокөлігімен соқтығысқан. Куәгерлердің айтуынша, Lada Largus жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, төтенше жағдай жасаған. Сонымен қатар, ол көлікті дұрыс басқармаған. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы келді. Құжаттарды тексеру кезінде көлік салонынан ішімдік иісі шығып тұрған. Медициналық сараптама нәтижелері бойынша жүргізуші мас күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар, ол басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, тізгінге отырған", - деді Полиция департаментіндегілер.
27 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігі "Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның басқару" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері ер адамды ұстады. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также