11 ақпан 2022 | 18:02

Нұр-Сұлтанда жол ережесін өрескел бұзған екі жүргізуші жазаланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Нұр-Сұлтан көшелерінде екі жігіт жол ережелерін өрескел бұзғаны үшін жазаланды. Олардың бірі көлік жүргізіп, екіншісі көлік жүріп бара жатқанда, капотта отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Instagram Stories-тегі жол қозғалысы ережелері өрескел бұзылған жайт түсіп қалған видеоны анықтады.

"Қасақана тәртіпбұзушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Олар 18-19 жас аралығындағы жастар болып шықты. Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісі "Жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін" әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал капоттағы жігітке "Ұсақ бұзақылық" үшін әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен оған 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", - деді полиция қызметкері.

Реклама
Реклама

Полиция департаменті қызметкері қоғамдық тәртіпті бұзбауды, жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтауды және басқа көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасамауды ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram