ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қараша 2021 | 16:16
Нұр-Сұлтанда қарызын қайтарғысы келмеген тұрғын өз көлігін "тонаған"
Астана тұрғыны қарызын қайтармас үшін өз көлігіне "тонау" ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астана тұрғыны қарызын қайтармас үшін өз көлігіне "тонау" ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияға 42 жастағы ер адам арыз түсіреді. Ол Lexus көлігінің артқы терезесін сындырып, ірі көлемдегі ақша салынған сөмкесін ұрлап кеткенін хабарлаған. Оның айтуынша, сөмкеде 350 мың доллар болған екен.
"Жедел полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларын қарап шықты, камераға сөмке ұстаған белгісіз ер адамның көлік маңынан жүгіріп өткені түсіп қалған. Қылмыс туралы хабарлаған тұрғыннаң өзі салоннан ұрлық жасағаны анықталды. Бұл қадамға досынан алған қомақты қарызды қайтарғысы келмеуі себеп болған", - дейді тәртіп сақшылары.
Полицейлердің айтуынша, ұрының рөлін күдіктінің танысы ойнаған.
"Ол алдын ала тонаудың нақты уақытын, қашу жолдарын және көліктен ақшаны алу әрекетін талқылаған", - деді баспасөз қызметі өкілдері.
Ұрлық жасаған және ұйымдастырған тұрғындар ұсталды, олар кінәсін мойындады.
Жалған хабарлама берген ұйымдастырушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деді Нұр-Сұлтан қалалық ПД басшысының орынбасары Айдос Рысбаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также