21 маусым 2021 | 13:17

Нұр-Сұлтанда қазақша күрес спортшысы төбелес кезінде пышақталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ugranow.ru

Нұр-Сұлтандағы қонақүйлердің бірінде қазақ күресінің спортшысы пышақ жарақатын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы қонақүйлердің бірінде қазақ күресінің спортшысы пышақ жарақатын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылы 20 маусымда полицияның "102" пультіне Қорғалжын тасжолы бойындағы қонақүйден белгісіз біреу ер адамға пышақ жарақатын салып, қашып кеткені туралы хабар берген.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері барған. Тексеру барысында 15 маусымда бір топ спортшы Ақтөбе қаласынан елордаға қазақша күрестен республикалық жарысқа келгені анықталды.

Реклама
Реклама

Жарыс 20 маусымда аяқталған. Қонақүй бөлмесінде 21 жастағы екі жігіт арасында ауызша қақтығыс болып, соңы төбелеске ұласқан. Олардың біреуі екіншісінің кеудесіне пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.

21 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram