10 маусым 2019 | 11:33

Нұр-Сұлтанда көлік аккумуляторын тонауды кәсіп қылған 12 қылмыстық топ ұсталды

Жыл басынан бері полиция қызметкерлерімен 62 автомобиль аккумуляторлары ұрлығы ашылып, осы істі кәсіп қылған 12 қылмыстық топтың жолы кесілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жыл басынан бері полиция қызметкерлерімен 62 автомобиль аккумуляторлары ұрлығы ашылып, осы істі кәсіп қылған 12 қылмыстық топтың жолы кесілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтан қаласы  полиция департаментімен автокөлік салонынан немесе аккумулятор ұрлығының алдын алу, жолын кесу және ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Реклама
Реклама

"Мысалға, ағымдағы жылдың 26 мамырында полиция қызметіне кәсіпкер  хабарласып, оның жүк көлігінен 2 аккумуляторлардың ұрланғандығын айтқан. Осы күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында елордалық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктілерді анықтады. Қолға түскен екеу бұрын сотталған қала тұрғындары болып шықты", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта күдіктілер 3 ұрлық жасағандарын мойындаған.

"Айғақты заттар тәркіленіп, "ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласы ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалып, осы тәріздес басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - делінген хабарламада. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная