12 қазан 2020 | 17:07

Нұр-Сұлтанда компания қызметкерлері 316 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

© Тұрар Қазанғапов

Елордалық кәсіпорынның қызметкерлері 316 миллион теңгеден аса сомадағы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елордалық кәсіпорынның қызметкерлері 316 миллион теңгеден аса сомадағы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша елордалық акционерлік қоғамның бірінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Реклама
Реклама

Тергеу барысында АҚ мен басқа кәсіпорын арасында электр кабельдерін сынауға арналған екі электротехникалық зертхананы жеткізуге мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шарттың жасалғаны анықталды.

"Аудиторлық тексеріс нәтижесі бойынша аталған зертханалардың техникалық сипаттамаларға сәйкес келмеуі бөлігінде бұзушылықтар табылды. Мемлекетке келтірілген залал сомасы 316 миллион теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная