ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қыркүйек 2022 | 15:05
Нұр-Сұлтанда құрылыс компаниясы директоры синтетикалық есірткі сатқан
ЖШС директоры Нұр-Сұлтанда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік күзет қызметіне (МКҚ) сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ЖШС директоры Нұр-Сұлтанда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік күзет қызметіне (МКҚ) сілтеме жасап.
Қызмет мәліметінше, "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында елордада құқық қорғау және арнайы органдардың бірлескен іс-шарасы өтіп, нәтижесінде синтетикалық есірткі сататын "арна" жойылған.
"9 қыркүйекте Сығанақ көшесіндегі арнайы тасжолда мұқият жоспарланған бірлескен операция барысында Мемлекеттік күзет қызметінің жедел бөлімшелері полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, ірі мөлшерде есірткі сатқаны үшін Nissan Teana маркалы автокөлігінің жүргізушісі - елорданың 35 жастағы тұрғыны, құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысатын ЖШС директоры ұсталды", - делінген хабарламада.
МКҚ мәліметінше, ұсталған адам кінәсін мойындаған. Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 2-бөлігі "Есірткі, психотроптық заттарды, аса ірі мөлшерде заңсыз алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Іске қатысы бар азамат Нұр-Сұлтан қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалған. Елордада есірткі қылмысы сыбайластарын анықтау мақсатында тергеу жүріп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также