03 ақпан 2020 | 17:05

Нұр-Сұлтанда мас жігіт қоғамдық көлікті мініп кеткен

видеодан үзінді

Нұр-Сұлтанда мас жігіт қоғамдық көліктің жүргізушісінің көзінше автобусты айдап әкеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда мас жігіт қоғамдық көліктің жүргізушісінің көзінше автобусты айдап әкеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

3 ақпанда шамамен таңғы 7-де полицияға жүргізуші хабарласып, белгісіз ер адамның MAN SL маркалы автобусты рұқсатсыз айдап кеткенін айтқан. 

Реклама
Реклама

"Жүргізушінің айтуынша, таңғы уақытта автопарк маңында ол автобусты қыздыру үшін оталдырған. Өзі диспетчерге кеткен уақытта, сол маңнан кетіп бара жатқан ер адам автобус салонына кірген. Ол автобусты айдап кетті. Алайда ол ұзаққа кете алмаған, құқық қорғаушылар қаскөйді көп ұзатпай тоқтатқан. 07:18-де полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы Республика даңғылы мен Дүкенұлы көшесінің қиылысында қаланың 28 жастағы тұрғынын ұстады", - делінген хабарламада. 

Полициядағылар жігіттің орта деңгейлі мас болғанын айтады. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігі бойынша жүріп жатыр. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная