ПОДЕЛИТЬСЯ
13 желтоқсан 2019 | 15:50
Нұр-Сұлтанда мәслихат хатшысы қамауға алынды
Нұр-Сұлтанда LRT ісі аясында қалалық мәслихаттың хатшысы қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда LRT ісі аясында қалалық мәслихаттың хатшысы қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан әкімдігі басқармасының бұрынғы басшылары Р. Аманжолов, Ж. Нурпиисов және мердігерлік ұйымдардың үш басшысы қамауға алынды", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов брифинг барысында.
Сондай-ақ, ведомство өкілі Жанат Нурпиисовтің Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы екенін айтты.
Жергілікті мәслихаттың сайтындағы мәліметтерге қарағанда, мәслихат хатшысы Жанат Нурпиисов 1961 жылы 16 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Сұлышоқ ауылында дүниеге келген. 1998-2016 жылдары Астана қаласы Қаржы басқармасы басшысы сияқты қызметтерді атқарған.
Показать комментарии
Читайте также