10 желтоқсан 2019 | 14:17

Нұр-Сұлтанда полицей дәрігерден миллион теңге талап еткен

Елордалық полицей Азамат Балтаев Нұр-Сұлтанда белгілі дәрігерден миллион теңге пара талап еткен. Соттың үкімімен полицей жеті жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Есіл аудандық № 2 соттың құжаттарына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елордалық полицей Азамат Балтаев Нұр-Сұлтанда белгілі дәрігерден миллион теңге пара талап еткен. Соттың үкімімен полицей жеті жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Есіл аудандық № 2 соттың құжаттарына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда 9-қабаттан құлап түсе жаздаған баланы құтқарған Жол-патрульдік полицияның экс-инспекторы дәрігерден пара бопсалағаны анықталып отыр.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, сот алдына оның әріптесі Ринат Әбдрахманов кедді, ол да жеті жылға бас бостандығынан айырылып, екеуі де өмір бойына құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызметтерде жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Әбдрахманов пен Балтабаев биыл наурызда Mercedes ML 300 көлігін тоқтатқан. Онда Ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы Серік Ақшолақов болған. Содан полицейлер ер адамның сыра ішкенін анықтаған да одан миллион теңге пара талап еткен.

Сот құжаттарына қарағанда, Ақшолақов ақша беруге келіскен, бірақ шотында ондай соманың болмағанын айтқан, 400 мың теңгесі ғана болған. Полицейлер қызметтік көлігімен банкоматқа барып, дәрігерден шешкен ақшасын алып кеткен. Бірнеше күннен кейін дәрігер полицейлердің үстінен арыз түсіріп, нәтижесінде олар барлық ақшаны қайтарған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная