08 сәуір 2022 | 09:28

Нұр-Сұлтанда полицейлер мас жүргізушіні қуған сәт видеоға түсіп қалған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: polisia

Полицейлер 7 сәуірде сағат шамамен 03.50-де жол ережесін бұзған, нөмірі жоқ Citroеn маркалы көлігін байқаған. Жүргізуші тәртіп сақшыларының талабына жауап бермей, жылдамдықты үдете түскен. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Рolisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Полицейлер 7 сәуірде сағат шамамен 03.50-де жол ережесін бұзған, нөмірі жоқ Citroеn маркалы көлігін байқаған. Жүргізуші тәртіп сақшыларының талабына жауап бермей, жылдамдықты үдете түскен. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Рolisia.kz.

Ведомство мәліметінше, жүргізуші қашуға тырысып Көктал шағынауданына кірген. Полицейлер оны Тілендиев даңғылында патрульдік көлік көмегімен тоқтатқан. Бірақ жүргізуші полицейлердің қызметтік көлігіне соға бастаған. Тәртіп бұзушыны тоқтату үшін тәртіп сақшылары оның көлігінің дөңгелектеріне оқ жаудырған.

"Тізгінде 21 жастағы жігіт болды. Тексеру нәтижелері бойынша ол мас болғаны анықталды. Тексеру барысында көлік салонынан ресейлік есепке алынған мемлекеттік тіркеу нөмірі табылды. Бұған дейін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын", - деді полиция өкілі.

Реклама
Реклама

Тәртіп бұзушыға қатысты бірден 19 әкімшілік хаттама толтырылып, көлік коммуналды тұраққа қойылған.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шешімі бойынша тәртіп бұзушы 20 тәулікке қамауға алынды, сондай-ақ 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная