10 тамыз 2022 | 17:27

Нұр-Сұлтанда полицейлерден қашқан Toyota Camry: тың ақпарат шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

Нұр-Сұлтанда полиция талабына бағынбай қашқан Toyota Camry жүргізушілеріне қатысты тағы бір дерек анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда полиция талабына бағынбай қашқан Toyota Camry жүргізушілеріне қатысты тағы бір дерек анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Есіл" ауданының Полиция басқармасына елорда тұрғыны белгісіз біреулер оның Kia Rio автокөлігінен мемлекеттік тіркеу нөмірін ұрлап кеткенін айтып арызданған.

"Арызданушы әлеуметтік желілердегі жаңалықтардан "Нұр-Сұлтанда полицейлер Toyota Camry көлігін қуғынын" көріп, видеодан жүргізушінің жүксалғышында жатқан өзінің мемлекеттік нөмірін таныған. МТНБ ұрланғаннан кейін оның иесі белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік айыппұлдар туралы хабарламалар алған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кінәлі тұлға 61 мың теңгеден аса айыппұл төлейтін болады.

Айта кетейік, "102" арнасына дүкен иелерінен тауар алып, төлем жасамай көлікпен қашып кеткен ер адамдар туралы екі хабарлама келіп түскен. Ұстау барысында Toyota Camry көлігінің жүргізушісі құқық қорғау органы қызметкерлерінен жасырынуға тырысып, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған. Көп ұзамай 30 жастағы жүргізуші мен оның жолаушысы ұсталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная