11 сәуір 2022 | 15:09

Нұр-Сұлтанда сұлулық салоны қызметкері мен клиент арасында жанжал шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда сұлулық салоны қызметкері мен клиент арасындағы жанжал түсірілген видео Қазнетте қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеода клиент салон қызметкерін әріптестері мен баланың көзінше бетінен шапалақпен ұрып жібереді. Оқиғаның Кенесары көшесіндегі "Армония" салонында болғаны белгілі болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда сұлулық салоны қызметкері мен клиент арасындағы жанжал түсірілген видео Қазнетте қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеода клиент салон қызметкерін әріптестері мен баланың көзінше бетінен шапалақпен ұрып жібереді. Оқиғаның Кенесары көшесіндегі "Армония" салонында болғаны белгілі болды.

Сұлулық салон қызметкерлері 10 сәуірде бір азамат баласының шашын алғызуға келгенін айтады.

"Клиент сағат 12:30-ға жазылған. Бірақ ол өз уақытынан жарты сағат бұрын келіп баласының шашын алуын талап етті. Әріптесіміз құралдарды жинап, тазалап алу үшін кішкене күте тұруын өтінді. Клиент келісті. Ол 10-15 минут күтті", - салонның тағы бір қызметкері.

Реклама
Реклама

Бір сәтте ер адам тез қабылдауды талап етіп, ашуланғанын айтады зардап шеккен жігіттің әріптесі.

"Олардың арасында дау туды. Алдымен, ол әріптесіміздің мойнынан ұстап, кейін шапалақпен тартып қалды. Содан кейін ол ұлымен бірге кетіп қалды, бірақ біраз уақыттан кейін қайта келіп баласының шашын алдырды. Ол баланың шашын алып жатқанда біз қарап тұрдық. Қорыққанымыздан полиция шақыруды білмеппіз", - деді салон қызметкері.

Оның айтуынша, осы оқиғадан кейін әріптесінің мойны қызарып жүрген.

"Шаш алатын бала Абылай жас жігіт, бізбен 2 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол өте байсалды, сабырлы, білімді. Барлық клиенттер мен балалар оны жақсы көреді. Ер адам оны ұрған кезде, ол өзін барынша әдепті ұстады. Әйтпесе ол да күшін көрсете алатын еді, себебі спортшы жігіт", - деді "Армония" салонының басшылығы.

Айта кетейік, видеоға қатысты құқық қорғау органдары жауап берді.

"Полицияға елорда тұрғынынан оны ұрған ер адамға қатысты шара қолдану туралы арыз келіп түсті. 22 жастағы сұлулық салоны қызметкерінің айтуынша, клиент баласының шашын өзі жазылған уақыттан ерте алып беруін сұраған. Қызметкер кішкене күте тұру керек екенін айтқанда, ер адам қызметкерлерді қорлап, өтініш берушіге дене жарақатын тигізген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады полиция департаменті.

34 жастағы қоғамдық тәртіпті бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен кінәлі адамға әкімшілік айыппұл төлеу міндеттелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная