ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қаңтар 2021 | 15:58
Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі әйелді бейтаныс жерге апарып, телефонын тартып алған
Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі әйелді бейтаныс жерге апарып, телефонын тартып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі әйелді бейтаныс жерге апарып, телефонын тартып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
41 жастағы әйел түнде көшеден таксиді тоқтатып, жүргізуші айтқан бағасына келіскеннен кейін көлікке отырады.
"Біраз уақыттан кейін такси жүргізушісі бағытын өзгертіп, әйелге бейтаныс аулада тоқтайды. Қорқып кеткен әйел көліктен түсіп қаша жөнелген. Бірақ жүргізуші оның телефонын тартып алып үлгереді", - деп хабарлады полиция.
Такси жүргізушісі ұсталды. Кінәсін толықтай мойындады. 35 жастағы ер адам бұрын тонау қылмысы үшін сотталған. Ұрланған телефонды сатып үлгерген.
"Аталған дерек бойынша қылмыстық тергеу жүргізіледі. Нұр-Сұлтан аумағында осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Полиция қызметкерлері телефонды алып, иесіне қайтарды", - деп қосты Департаментте.
Елордалық полицейлер қала тұрғындарына тексерілген таксопарктер қызыметіне жүгіуді ұсынды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также