17 ақпан 2022 13:59

Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісін өлтірген күдікті бес жылдан кейін ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Нұр-Сұлтан полициясы бес жыл бұрынғы адам өліміне қатысты күдікті ұсталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан полициясы бес жыл бұрынғы адам өліміне қатысты күдікті ұсталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Көкшетау қаласында арнайы операция барысында кісі өлтірді деген күдікпен 27 жастағы азамат ұсталды. Күдікті 2017 жылдың тамызында базарлардың бірінің маңында жекеменшік Daewoo Nexia таксиін Лесозавод ауданына (Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын алабы - еск.) жалдаған.

Көрсетілген жерге жеткенде жүргізуші мен жолаушы жол ақысына келіспей қалған. Такси жүргізушісі жол ақысын мың теңгеге бағалаған. Кикілжің кезінде жолаушы пышағын алып, жүргізушіге 17 рет сұққан. Ол сол жерде қаза болды. Кісі өлтіргеннен кейін қылмыскер ізін жасырмақ болып, көлікте қалған саусақ іздерін мұқият сүрткен", - деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті қылмыс орнынан бой тасалап, бірнеше күннен кейін көршілес республикалардың біріне кеткен.

Реклама
Реклама

Кісі өлтірген күдікті бес жыл бойы іздестірілді. Сот-медициналық сараптама қылмыс орнында табылған іздердің бәрін зерттеген.

"Екі жылдан кейін көлік жүк салғышындағы саусақ ізін зерттей келе, криминалистика сәйкестік тапты. Былтыр криминалистика тағы бір саусақ ізінің сәйкестігін анықтады және тексеру қайтадан басталды. Саусақ ізі 2014 жылы Беларусь Республикасында ұрлық жасағаны үшін сотталған ер адамға тиесілі екені анықталды. Ол Ақмола облысының тұрғыны болып шықты. Тексеру барысында жедел уәкілдер ер адамның кісі өлтіруге қатысы барын анықтады. Бұлтартпас айғақтардан кейін ұсталған күдікті өз әрекетін мойындады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды полицейлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram