Нұр-Сұлтанда ТЖД басшысы қамауға алынды

Дина Шарипханова Корреспондент

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы ("Пара алу") бойынша соталды тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы дерек бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы ұсталды, оған қатысты қолданылған бұлтартпау шарасы – қамауға алу. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді ТЖМ баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Антикор Нұр-Сұлтандағы стадионға қатысты пара алу дерегін тергеп жатқаны хабарланған болатын.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама