25 мамыр 2020 | 20:07

Нұр-Сұлтанда төрт ер адам мүгедек қызды зорлады деген күдікке ілінді

Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда төрт ер адам 17 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда төрт ер адам 17 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы "Немолчиkz" қоры әлеуметтік желілерде жазды.

Реклама
Реклама

"Анасының айтуынан ІІ топтағы мүгедек (ақыл-есі кенже қалған) 17 жастағы қызының басынан ауыр жағдай өткенін түсіндік. Қыз сауда үйіне сатушының көмекшісі болып жұмысқа тұрған. 2019 жылғы 13 тамызда таңертең жетіде жұмысқа кеткен. Бастығы медициналық тексеруден өтіп, санитарлық кітапшаны алып кел деп жіберген. Қыз жолда адасады. Себебі ол бұл жолдармен жүріп көрмеген. Ол тек 18 тамызда табылады.

Ол медициналық мекемені ұзақ іздейді, көшеде кездескендерден сұрайды, бірақ оның не іздеп жүргенін ешкім түсінбейді. Мұны бір ер адам байқап қалады да, көздеген жеріне дейін апаруға уәде етеді. Ол көлікке отырады және тұтқынына айналады. Еркек өзін Нурик деп таныстырады, күні бойы көлікте бірге алып жүреді және кейін оны көлікте зорлайды. Мүмкін бірнеше рет жасаған шығар. Кейін оны қаланың ортасындағы супермаркеттің қасына түсіріп кетеді", - деп жазды қор өкілдері.

"Немолчиkz" қорының хабарламасына қарағанда осы жағдайдан кейін қыз күртешесіз қалады және көйлегі жыртылады. 

"Жанармай құю бекетінің қасына барып, көлікте отырған ер адамнан көмек сұрайды. Адасып кеткенін айтады. Ер адам көлікке отырғызып алып кетеді де, зорлайды. Зорлап болған соң құрылыста жүрген досына әкеліп, қыз қазақша сөйлеген соң түсінбей тұрғанын айтады. Қызды досына қалдырып, кетіп қалады. Ер адам ешкім тиіспейтінін айтып, үйіне апаруға уәде етеді. Бірақ ол қызды қонақүйге апарады да, жуыну бөлмесіне кіргізеді. Ал өзі төсекте күтіп жатады. Ол да қыздың жағдайын пайдаланып, зорлайды. Кейін ол ресепшнге түсіп, қыз үшін мың теңге қалдырып кетеді. Таңертең қыз оянғанда қызметкерлер мың теңгені ұстатып, қонақүйден кетуін талап етеді. 

Қонақүйден шыққан соң Нұр-Сұлтанның орталығындағы парктердің біріне жетеді. Ол жерде адам көп болады. Көмек сұрайды, бірақ оның жыртылған көйлегі мен түрін көріп, адамдар шошиды. Бұл жерде оны тағы бір ер адам "ұстап алып", адам жоқ жерде зорлайды. Аяқ астынан оны бастығы жәрмеңкенің қасынан тауып алады да, полицияны шақырады.

Тоғыз ай өтті. Полиция сараптама жүргізді, күдіктілерді анықтады. Барлығынан жауап алды, бірақ біреуі де қамалмады. Тергеушілер қыздың отбасы сотта ештеңе дәлелдей алмайды деп отыр. Себебі қыздың денесінде ешқандай көгерген із болмаған (...) Нұр-Сұлтан қаласы тергеу органдарынан осы жазылғанға қатысты түсінік беруді сұраймын", - деп жазылған хабарламада. 

Полициядағылар қылмыс ашылғанын мәлімдеді.

"Аталған факт бойынша ҚК 3-бөлігі 120-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұлғалар сотқа дейінгі тергеу барысында анықталды. Тергеу жүргізілді, оған зардап шегуші және күдіктілер қатысты. Сот сараптамасы жасалды. Қазір қылмыстық іс прокуратураға келісуге жіберілді. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылады", - деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная