Нұр-Сұлтанда үш қорап "трамадол" ұрлағандар ұсталды

Нұр-Сұлтан тұрғыны трамадолдың үш қорабын дәріханадан ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан тұрғыны трамадолдың үш қорабын дәріханадан ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Сарыарқа ауданында болған. Бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталған 28 жастағы астаналық дәріханаға есігін майыстырып кірген.

"Ұры жалпы құны 178 мың теңге болатын "Трамадол" препаратының үш қорабын қолды қылған. Ұсталған ер адам өз кінәсін толық мойындады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Дәрі-дәрмек ұрлығына тағы үш адамның қатысы бар. Олар қораптарды далаға алып шығуға көмектескен.  

Полиция қызеткерлері Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сыбайластары қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - деп толықтырды департамент қызметкері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама