12 қыркүйек 2022 | 09:21

Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елорда Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 мүшесін ұстады. Олардың "бұзақылық" бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынғаны және Петропавл қаласында іздеу жарияланғаны анықталды.

Реклама
Реклама

Күдіктілерді ұстау кезінде олар травматикалық патрондармен оқталған WALTHER, ОСА маркалы тапаншалармен, сондай-ақ суық қарумен қаруланған. 

Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бап санкциясы екі жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная