ПОДЕЛИТЬСЯ
22 шілде 2022 | 11:31
Нұр-Сұлтанда World Business Consulting қаржы пирамидасына қатысты іс тергеліп жатыр
Нұр-Сұлтанда қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
ҚМА елордалық департаменті World Business Consulting қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
"Тергеу органы қаланың сенгіш тұрғындарымен түрлі сипаттағы инвестициялық бағдарлама келісімдерін жасап, ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға қаражат салуды ұсынған тұлғаларды анықтады. Бұл ұйым өзін портфельдік инвестиция және қаржылық кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық және аналитикалық компания ретінде көрсетеді. Департаментте қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр", - делінген хабарламада.
ҚМА мәліметінше, ҚПК-ның 201-бабы талаптарына сәйкес соталды тергеп-тексерудің басқа деректері жариялауға жатпайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также