05 мамыр 2022 09:44

Нұр-Сұлтанда зергерлік дүкеннен гауһар тас ұрлаған әйел ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: polisia.kz

Нұр-Сұлтанда белгісіз әйел дүкеннен құны бір миллион теңгеден асатын гауһар тасты ұрлап кеткен. Ұры бейнебақылау камераларының арқасында ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда белгісіз әйел дүкеннен құны бір миллион теңгеден асатын гауһар тасты ұрлап кеткен. Ұры бейнебақылау камераларының арқасында ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға дүкен директоры арызданып, Ғабдуллина көшесіндегі зергерлік дүкеннен белгісіз біреудің құны бір миллион теңгеден асатын гауһар тасты ұрлап кеткенін айтқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, бейнебақылау камераларын қарау барысында күдікті анықталды.

Реклама
Реклама

"Ол 49 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Әйелдің зергерлік дүкенге жиі келетіні және бұрын бірнеше рет үлкен сомаға тауар сатып алғандығы анықталды. Күдікті кешкі сағат 17.45-те зергерлік дүкенге кіріп, сатушының басқа келушілермен сөйлесіп тұрғанын пайдаланып, қымбат затты ұрлап, қылмыс орнынан бой тасалаған", - делінген хабарламада.

Ұсталған азаматша кінәсін мойындады, заттай айғақ тәркіленді. Аталған дерек бойынша "Ұрлық" бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оның елорда аумағында жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram