ПОДЕЛИТЬСЯ
05 сәуір 2021 | 16:18
Нұр-Сұлтанда зорлау ісіне күдікті 10 жылға сотталды
Нұр-Сұлтанда зорлау ісіне күдікті 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда зорлау ісіне күдікті 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
5 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты сотталушы К.-ге қатысты айыптау үкімін шығарды.
Сот отырысы жабық өтті. Өйткені сотта жәбірленушіге қарсы зорлық-зомбылық көрсетілгені және жақын қарым-қатынас жасалғаны ашық айтылады.
"Сотта айыпталушы К. кінәсін мойындамай, өзін ақтауды сұрады. Алайда сотталушының кінәсі қылмыстық істің барлық айғағымен дәлелденді", - деді ведомство өкілдері.
Айыпталушыға үкім шығарылды.
"ҚР ҚК-нің 110-бабы 1-бөлігі "Қинау" санкциясы екі жылға дейін бас бостандығынан айыру, 194-бабы 1-бөлігі бойынша төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру, 120-бабы 2-бөлігінің 2,4-тармақшасы бойынша 9 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Сот үкімімен айыпталушыны ҚК-нің 58-бабы 3-бөлігіне сәйкес жазаларды ішінара қосу арқылы 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Сот қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайды анықтаған жоқ", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі өкілдері.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін бұл іс туралы "Немолчи" қорының өкілдері айтқан болатын. Сондай-ақ, сот процесінің нәтижесі туралы әлеуметтік желілерде жариялады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также