ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қыркүйек 2021 | 10:23
Нұр-Сұлтанда зорлау ісіне күдікті 5 жылға сотталды
Нұр-Сұлтанда ер адам бұрын қарым-қатынаста болған құрбысын зорлады деген айыппен 5 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі astanatv.kz телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда ер адам бұрын қарым-қатынаста болған құрбысын зорлады деген айыппен 5 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі astanatv.kz телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға өткен жазда болған. Жәбірленушінің айтуынша, ер адам істі жабу үшін ақша ұсынған.
Қыздың адвокатының айтуынша, қылмыс құрамының болмауына байланысты іс бірнеше рет жабылған. Күдікті жәбірленушіге, тергеуге барынша кедергі келтіруге тырысқан. Маңызды дәлелдер жоғалып, сараптамалар жойылған, тергеушілер бірнеше мәрте өзгерген. Сонымен қатар, ер адам бірнеше рет осы бап бойынша жауапқа тартылып, бірақ жазадан құтылып кете берген. Бірақ бұл жолы ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.
"Ол осы уақыт ішінде жәбірленушіге хабарлама жазып, қоңырау шалып, қорлап, жала жауып, жалған ақпарат таратты. Бірнеше мәрте жазаланбайтынын айтып сес көрсетті", - деді адвокат Назар Әбинов.
Оқиғаны белсенді түрде жариялаған "Не молчи" қоры кінәлі жазалау жәбірленуші принциптерін сақтаудың арқасында ғана жүзеге асқанын айтты. Көп жағдайда әйелдер бұл туралы айтудан қорқады немесе жай ғана басынан өткен сұмдықты еске алғысы келмейді. Мұндай істердің аз бөлігі ғана сотқа дейін жетеді. Мысалы, бес жыл ішінде 19 мыңнан аса қазақстандық әйел отбасында жәбір көрген. Ал мұндай алты қылмыс қана ресми түрде тіркелді. Қор мәліметінше, жыл сайын 400-ге жуық әйел адам қолынан өледі.
Еске салайық, оқиға 13 шілдеге қараған түні болған. Ер адам бұрын қарым-қатынаста болған қызына қоңырау шалып, оны алып кетуді сұраған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также