18 қазан 2021 16:22

Нұр-Сұлтандағы арнайы операция: құмар ойын ұйымдастырушылары ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Нұр-Сұлтан полициясы жасырын құмар ойындарын ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан полициясы жасырын құмар ойындарын ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырумен айналысқан адамдар тобы криминалдық полиция қызметкерлерінің назарына ілікті. Бұл топқа бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталғандар кіргені анықталды", - делінген хабарламада.

Жедел уәкілдің айтуынша, топта нақты рөлдер бөлінген. Кейбіреулер құмар ойыншылар мен дилерлерге, басқалары таңбаланған карточкаларды ұсынуға және үй-жайларды таңдауға, ал басқалары әлеуетті ойыншылар, яғни "құрбандарды" таңдауға жауапты болды.

Реклама
Реклама

Полиция елорданың кіру мүмкіндігі шектеулі мекемелерінің бірінде қылмыстық топты ұстау операциясын өткізді.

"Тінту жүргізу барысында полицейлер құмар ойындарын өткізу үшін қомақты қаражат пен басқа да қажетті атрибуттарды, соның ішінде арнайы техникалық құралдарды тапты. Қазіргі уақытта ұйымдастырушылар мен қатысушылар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр", - деп толықтырды полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram