01 қараша 2021 | 13:25

Нұр-Сұлтандағы "Артем" базарының маңында жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Instagram/za_rulem_astana

Полиция қызметкерлері "Астаналық" ("Артем") базарында жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші қамауға алынғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Полиция қызметкерлері "Астаналық" ("Артем") базарында жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші қамауға алынғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"31 қазанда KIA автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі Уәлиханов көшесімен келе жатып, қарсы бағытқа шығып, өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 60 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды", - деді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізеді.

Реклама
Реклама

"Kia автокөлігінің жүргізушісі Нұрсұлтан қаласының УҰИ-на қамалды. Полиция департаменті жүргізушілерді мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады", - деп қорытындылады полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная