ПОДЕЛИТЬСЯ
30 мамыр 2022 | 12:16
Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттері мен банкоматтарда жалған доллар сатылған - ҚМА
Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттері мен банкоматтарда, букмекерлік кеңселерде жалған доллар сатылған. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттері мен банкоматтарда, букмекерлік кеңселерде жалған доллар сатылған. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Елордалық ҚМА департаменті 54 850 доллар көлемінде жалған ақша қаражатын сақтау және өткізу бойынша әшкереленгендерге қатысты қылмыстық істі аяқтады.
Жалған купюралар елорданың валюта айырбастау пункттері арқылы айналымға, банкоматтар арқылы жеке шоттарды толтыруға, сондай-ақ, OLIMPBET букмекерлік кеңсесіндегі жеке шоттарға енгізу арқылы тартылған", - делінген хабарламада.
Агенттік азаматтарды сақ болуға және шетел валютасын бөтен адамдардан сатып алмауға шақырды.
Сот А.А. Жомарт, И.Х. Чекиев, Р.А. Иманбаев және Б.Е. Төлеутайды шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айырды.
"Жалған банкноттар анықталған жағдайда дереу сенім телефонына хабарлау қажет. Жалған банкноттарды табу қылмыс ретінде саналмайды, бірақ жалған банкнотты сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады", - деп ескертті агенттік өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также