ПОДЕЛИТЬСЯ
16 маусым 2021 | 18:34
Нұр-Сұлтандағы драма театрынан ақша жымқыру ісі: сот үкімі шықты
Нұр-Сұлтандағы сот Горький атындағы драма театрынан ақша жымқыру ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтандағы сот Горький атындағы драма театрынан ақша жымқыру ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2021 жылғы 16 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық соты орыс драма театры басшыларына, мердігерлік ұйымдар өкілдеріне театрды күрделі жөндеуге және қалпына келтіруге бөлінген қаражатты жымқыру дерегі бойынша техникалық қадағалауға қатысты айыптау үкімін жариялады.
"Сотқа Горький атындағы драма театрының директоры Е.Қасенов, оның орынбасары Е.Саттыбаев, "АДС САПА" ЖШС техникалық қадағалау сарапшысы Б.Ербатыров, "СТ-Инженеринг" ЖШС (реставрациялау бойынша техқадағалау) директоры М.Кенжетаев тартылды.
Қасенов 4 эпизод бойынша Саттыбаевпен (серіктесі) алдын ала сөз байласып, ақша ұрлауға әрекет жасады деп айыпталды. Оның ішінде қалпына келтіру кезінде жалпы сомасы 49,6 миллион теңге ақшаны жымқырудың екі эпизоды және күрделі құрылыс кезінде жалпы сомасы 464,7 миллион теңге ақшаны жымқыру бойынша екі эпизод. Саттыбаев, Ербатыров және Кенжетаев Касеновқа ақша ұрлауға көмектескені үшін айыпталды.
Қылмысты ұйымдастыру бойынша "Ади-Жан" ЖШС директоры Д.Д. Дастанов, "Астана - Көкше" ЖШС директоры А.Б. Байсалбеков айыпталды", - делінген хабарламада.
Сотта анықталды:
- Қасенов, Дастанов, Ербатыров театрды күрделі жөндеуге бөлінген 370,5 миллион теңге сомасындағы ақшаны ұрлады.
- Қасенов, Дастанов, Ербатыров театрға құрылыс-монтаждау жұмыстарына және инженерлік-технологиялық жабдықтарды жеткізуге бөлінген 94,2 миллион теңгені жымқыруға оқталды.
- Қасенов, Байсалбеков жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бөлінген 32,5 миллион теңге сомасындағы ақшаны ұрлады.
- Қасенов, Байсалбеков жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бөлінген 17,1 миллион теңгені жымқыруға оқталды.
"Сот сотталушылардың әрекеттерін ауыр емес бапқа қайта саралауы мүмкін. Бірақ қылмыстық істі сотқа берілген айыптау шегінде ҚІЖК-нің 340-бабына сәйкес неғұрлым ауыр бап бойынша айыптауға құқығы жоқ.
Сотта Саттыбаевтың аталған айып эпизодтары бойынша ақшаны жымқыру мен оған көмектесудегі әрекеті Қасенов, Байсалбеков және Кенжетаевпен қылмыстық сөз байласудың болмауына байланысты немқұрайдылыққа, яғни міндеттерін тиісінше орындамауға қайта сараланды.
Сонымен қатар, Кенжетаевтың әрекеті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бөлінген 32,5 миллион және 17,1 миллион теңге сомасындағы ақшаны ұрлауға көмектесуден 32,5 миллион теңге сомасындағы аса ірі залал келтірген инжинирингтік қызметтерді тиісінше орындамауға алып келді", - деді сотта.
Тараптар позициясы:
- Прокурор соттан айыпталушалырға 7 жыл 6 айдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
- Жәбірленуші тарап прокурордың ұстанымымен келісті.
Қорғаушы тарап Қасеновтің ісін ұрлау дерегін алып тастап, мүліктік залал келтіруге және Ербатыровтың инженирингтік қызметтерді тиісінше орындамағаны үшін әрекеттерін қайта саралауды және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды, ал қалғандарын ақтауды сұрады.
Сот қандай жаза тағайындады?
Сот сотталушыларға қатысты заңда қарастырылған жеңілдететін мән-жайды ескерді: Саттыбаев, Дастанов, Байсалбеков, Кенжетаевтың балаларының болуы. Жазаны ауырлататын жағдай анықталған жоқ.
ҚР ҚК-нің 55-бабына сәйкес ауырлататын мән-жай болмаған және жеңілдететін мән-жай болған кезде негізгі жазаның мөлшері ауыр қылмыс бойынша ҚК-нің тиісті бабында көзделген жазаның ең жоғары мерзімінің 2/3-інен, ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар бойынша 1/2-інен аспауы тиіс.
Әрбір сотталушының қылмыс жасаудағы рөлі мен қатысу дәрежесін ескере отырып, залалды ішінара өтеу шарты бойынша (370,5 миллион теңгенің 9 миллионы) сот тағайындады:
- Е.Т. Қасеновті ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 24-бабы 3-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша 9 жылға бас бостандығынан айыру.
- Д.Д. Дастанов, А.Б. Байсалбеков осы баптар бойынша 8 жыл бас бостандығынан айырылды. Б.С. Ербатыров 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
- Е.А. Саттыбаевты ҚК-ның 371-бабы 2-бөлігі бойынша - 2 жыл бас бостандығын шектеу.
- М.Ж. Кенжетаевты ҚК-нің 280-бабы 1-бөлігі бойынша, ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыру.
Е.Т. Касеновке қосымша жаза - өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру, ал Е.А. Саттыбаевқа 3 жыл мерзім тағайындалды.
Сотталушылар мен азаматтық жауапкерлерден залал өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также