31 қазан 2019 | 12:20

Нұр-Сұлтандағы LRT ісі бойынша 6 күдікті бар

© Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда LRT көлігінің құрылысына қатысты ақша жымқыру ісі бойынша алты күдікті бар. Олардың төртеуі - әкімдіктің бұрынғы қызметкерлері, барлығы басшылық қызметте болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда LRT көлігінің құрылысына қатысты ақша жымқыру ісі бойынша алты күдікті бар. Олардың төртеуі - әкімдіктің бұрынғы қызметкерлері, барлығы басшылық қызметте болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов айтты.

Реклама
Реклама

"Тергеу жалғасып жатыр. Сараптамалар аяқталуға жақын қалды. Келтірілген шығын да артты, миллиард теңгеден асады. Бүгінде алты адам осы іс бойынша күдікті, олардың төртеуі - әкімдіктің лауазымды тұлғалары болған", - деді Перов.

Оның айтуынша, күдіктілерді әлі ұстаған жоқ. Олардың бірі - Astana LRT компаниясының экс-басшысы Талғат Ардан, қазір Интерпол оған халықаралық іздеу жариялады.

LRT ісі: Қаражат қалай жымқырылған?

"Бұл іс ақша жымқыру дерегі бойынша қозғалды. Қылмыстық іс аяқталған соң қорытындылаймыз. Сараптамаларды бір ай ішінде аяқтауды жоспарлаып отырмыз. Сот-экономикалық, сот-құрылыс сараптамалары жүріп жатыр. Атқарылған жұмыстардың көлемін тексеріп жатырмыз, шығын да есептейміз. Ұлттық банк өкілдері де көмектесіп жатыр", - деді ол.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная