03 қараша 2021 17:02

Нұр-Сұлтандағы LRT ісі: министр Ардан мен Сұлтанбековті іздестіру туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев журналистердің "Астана LRT" экс-басшысы Талғат Ардан мен елорданың бұрынғы әкімі Қанат Сұлтанбековті іздестіруге қатысты сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев журналистердің "Астана LRT" экс-басшысы Талғат Ардан мен елорданың бұрынғы әкімі Қанат Сұлтанбековті іздестіруге қатысты сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қылмыстық істі біз де, Ішкі істер министрлігі де тергеп жатқан жоқ. Интерпол желісі бойынша іздеу жарияланды. Біз іздестіру шараларын халықаралық деңгейде жүргізіп жатырмыз", - деді Тұрғымбаев.

Ол шетелге қашып кеткен адамдарды іздестіру оңай емес екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Адам шетелде жүргенде елдегідей тәртіп жоқ. Жедел қызметкер ол жерге барып, ешқандай жедел-іздестіру шараларын жүргізе алмайды. Бұл күдікті жасырынған елмен жасалған келісімге және олардың құқық қорғау органдарының қылмыскерді ұстап беру туралы келісіміне байланысты. Сондықтан бұл мәселенің бәрін Бас прокуратура шешеді", - деді ол.

Еске салайық, қазанның басында Нұр-Сұлтан соты LRT ісі бойынша үкімнің күшін жойып, істі прокурорға қайтарған болатын.

Судья LRT ісі бойынша сот үкімінің күшін жойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram