ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қараша 2021 | 09:27
Нұр-Сұлтандағы Президент саябағында аса қауіпті қылмыскер ұсталды
Нұр-Сұлтанда халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қарулы қылмыскер ұсталды. Оқиға елорда орталығында бір апта бұрын болған, бірақ ол туралы қазір ғана белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қарулы қылмыскер ұсталды. Оқиға елорда орталығында бір апта бұрын болған, бірақ ол туралы қазір ғана белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 қазанда қоғамдық тәртіпті қадағалау бойынша қызметтік міндетін атқару кезінде кезекші лейтенант Айбек Слямханов полиция қызметкерлерінен 1992 жылы туған А. есімді азаматты ұстау туралы нұсқау алған.
Полиция мәліметінше, қылмыскер Нұр-Сұлтандағы Президент саябағында жасырынып жүрген және қарулы болған.
Сағат 16.30 шамасында қатардағы сарбаз Мирас Мұхтар мен патруль Ерсұлтан Ақжол және Жандос Кенбайдан құралған әскери жасақ полиция қызметкерлерінен қашып бара жатқан адамды байқайды. Тәртіп сақшылары күдіктінің абдырап қалғанын пайдаланып, қоян-қолтық ұрыс тәсілдері мен арнайы құралдарды қолданып оны құрықтайды.
Кейін ұсталған ер адам биыл шілдеден бері "Адам өлтіру" және "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" баптары бойынша халықаралық іздеуде жүргені белгілі болған.
Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері "Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды. Дүйсенбіде, 1 қарашада департамент бастығының атынан марапатты Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Әлібек Сералиев салтанатты түрде табыс етті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также