Нұр-Сұлтанға ұшып бара жатқан жолаушыдан қомақты сома ұрлаған ер адам сотталды

Нұр-Сұлтанға ұшып бара жатқан жолаушыдан қомақты сома ұрлаған ер адам сотталды © Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысынан Атырау-Нұр-Сұлтан рейсімен ұшып бара жатқан жолаушыдан 2 500 доллар мен 200 мың теңге ұрлаған ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қарағанды облысының 26 жастағы тұрғыны сотталды.

"2019 жылдың 26 желтоқсанында Нұр-Сұлтан әуежайында полицияның желілік бөліміне 66 жастағы жолаушы хабарласты. Ол жүгін белгісіз біреулердің ұрлап кеткенін айтқан - онда 2500 доллар мен 200 000 теңге болған", - дейді департаменттегілер.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта көлік полицейлері ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Сот үкімімен ер адам 3,6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама